ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі жоғары
ШҚО ТЖД қауіп жоғары бұл күндері тауға бармауды ескертеді

Мамандардың мәліметінше, 21-24 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазселденқорғау" ММ "ШҚАПБ" филиалының ақпараты бойынша қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты ақпанның 21-інен бастап 24-іне дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді.
Төтенше жағдайға тап болған жағдайда ұялы телефоннан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір "112-ге" хабарлау қажет.