Өскемен
ясно
-17°
  • Өскемен
    -17°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Актау
    -4°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -19°
  • Шымкент
    +6°
$
503.61
+5.72
524.96
+4.07
¥
69.12
+0.71
5.58
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің тыныштығын күзететін әскери бөлімнің құрылғанына 30 жыл

Өскемендегі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің құрылғанына 30 жыл толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнің тыныштығын күзететін әскери бөлімнің құрылғанына 30 жыл
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Әскери бөлімнің іргетасы 1995 жылы 20 ақпанда қаланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мыңнан астам ұландық қызмет ететін әскери бөлімнің салтанатты шарасы Металлургтер мәдениет сарайында ұйымдастырылды.

Мерейлі шараға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев, сонымен қатар өзара бірлесе әрекет ететін органдары, Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты. Кеш барысында әскери бөлімнің Ұлттық ұлан қатарындағы елеулі жылдардағы айтулы оқиғалары баяндалды. Салтанатты шара барысында шара қонақтары сөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, генерал-майор мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындық барысында үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілерді марапаттады.

Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің әскери қызметшілер өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен атқаруда. Әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық жеке құрамды айтулы күнмен құттықтаймын. Еліміздің өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне жетістіктер тілеймін. Аспанымыз ашық, деніміз сау, еліміз аман болсын, - дейді №5518 әскери бөлімінің командирі подполковник Елтай Рақымжанов.

Әскери бөлімнің қоғамдық тәртіпті қорғауға және елдегі жедел жағдайдың өзгеруіне байланысты атқарған еселі қызметтері айтарлықтай. Бүгінде аталған әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік әзірлікті шыңдап, жауынгерлік міндеттерін қырағылықпен орындап, еліміздің тыныштығын күзетуде.

Следующая →