Өскеменнен Алтайский ауылына автобус қатынайды
Глубокое ауданындағы ауылдардың бірін облыс орталығымен байланыстыратын жаңа автобус бағыты ашылды

Фото:
Устинка LIVE
Осы аптадан бастап Алтайский-Өскемен арасында жаңа бағыт ашылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Автобус Алтайский ауылынан сағат 6.30-да және 11.00-де шығады. Өскемен қаласынан сағат 9.15-те және 16.00-де қатынайды.
Билет құны Глубокое кентіне дейін 400 тг, Өскемен қаласына 850 тг. Балалар билеті үлкендердің билет бағасының 50%-ын құрайды, - деп хабарлайды Алтайский ауылының әкімдігі.