Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады

Бұл айда мұсылмандар садақаның ең аз мөлшері пітір садақа беруі керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен отырыста пітір садақа 655 теңге болып бекітілді. Ол еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде қойылды.
Осы жылғы Рамазан айы 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында болады. Қадір түні наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түн, Ораза айт 30 наурыз. Пітір чадақа жан басына 655 теңге болып бекітілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында ораза кестесін жариялады (https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/).