Өскемен
ясно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    -6°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
499.76
-3.85
521.7
-3.26
¥
68.85
-0.27
5.63
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жерлес ақын Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған байқау өтті

Байқау ақынға арнау және ақын өлеңдерін жатқа оқу бойынша екі бағытта болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Жерлес ақын Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған байқау өтті
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

Байқауға 50-ге жуық үміткер қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Серік Ғабдуллин - ақын, белгілі журналист, Өскемен қаласының құрметті азаматы.

Байқау ақын Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеу және насихаттау, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

С. Ғабдуллин оқулары

Ақынға арнау бағыты бойынша Жамбыл мектеп-гимназиясының оқушысы Айжан Насиқан 1-орынды иеленсе, арнайы "Ғабдуллин ізбасары" және "Көрермен көзайымы" номинацияларын Бозанбай орта мектебінің оқушысы Томирис Башай пен Асубұлақ орта мектебінің оқушысы Айзере Ерболқызы жеңіп алды.

С. Ғабдуллин оқулары

С. Ғабдуллин өлеңдерін жатқа оқудан 3-орынды №16 мектептің оқушысы Айару Бейбіт иемденсе, 2-орынға №27 мектептің оқушысы Нұрәлі Нұрланов, 1-орынға Жамбыл мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрболат Тұрарұлы ие болды.

С. Ғабдуллин оқулары

Ал арнайы номинацияларды №49 мектептің оқушысы Айханым Ернарқызы, Өскемен–техника колледжінен Сара Жанат, №44 мектеп оқушысы Інжу Қайырбекова және №19 мектеп оқушысы Даниил Лашкарев иеленді.

Қалған қатысушыларға ақын отбасының атынан кітаптар және алғыс хаттар табыс етілді.

Следующая →