Украинада қаза тапқан өскемендіктерге қатысты алдын ала тергеу аяқталды
Былтыр Өскемен қаласының екі азаматы Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысып, қаза тапқан

Олардың денелері Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК 172-бабы ("Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу") бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
Азаматтар 2024 жылы Ресейге шығып, Украина аумағындағы шетелдік қарулы қақтығысқа қатысып, Донецк облысында ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Олардың денелері Өскеменге жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – жарылыстар мен жарықшақтардан болған зақымданулар салдарынан жедел массивті қан жоғалту, – деп мәлімдеді ШҚО бойынша ҰҚК.
2025 жылы Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағына сәйкес айыпталушылардың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.