Өскемен
ясно
-17°
  • Өскемен
    -17°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Актау
    -4°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -17°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -19°
  • Шымкент
    +6°
$
503.61
+5.72
524.96
+4.07
¥
69.12
+0.71
5.58
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да браконьерлер табиғатқа 4,5 миллион теңге залал келтірді

"Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 6000 метрден астам заңсыз орнатылған тор мен 600 кг балық тәркіленді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да браконьерлер табиғатқа 4,5 миллион теңге залал келтірді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Экологиялық заңнаманы бұзудың 232 фактісі анықталып, табиғатқа келтірілген залал көлемі 4,5 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәселен, 37 жастағы ер адам заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды. Оны ВАЗ-21010 автокөлігімен кетіп бара жатқанда тоқтатқан. Тексеру кезінде көлігінен әртүрлі балық түрлері табылып, оларды аулауға рұқсат құжаттары болмай шықты. Ер адам Зайсан көлінде моноторларды орнатқанын және қанша балық түскенін тексеруге келген. Сол сәтте полиция қызметкерлері оны қолға түсірді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы 100 кг құрап, экожүйеге келтірілген шығын 500 мың теңгеден асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Браконьер" іс-шарасы әлі де жалғасуда. Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өкілдерінен құрылған мобильді топтар заңсыз балық аулауға қарсы күрес жүргізіп, өңір экологиясын қорғауда.

Следующая →