ШҚО-да былтыр 6 мәдениет нысанына жөндеу жүргізілді
Облыс орталығында "Miras" аймақтық кеңесінің отырысы өтті

"AMANAT" партиясы жанындағы "Miras" аймақтық кеңесінің отырысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Атап айтар болсақ, жиында аймақтың кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, сонымен қатар, мәдениет нысандарын салу және жөндеу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Өңірімізде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 402,6 млн теңгеге 6 мәдениет нысаны жөндеуден өтті. Бұл – жергілікті тұрғындар үшін сапалы мәдени қызметті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Алдағы уақытта да мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту жұмыстары жалғасады. Біз өңір тұрғындарына сапалы мәдени орта қалыптастыру бағытында жүйелі түрде жұмыс істейміз, - дейді ШҚО Мәдениет басқармасының саланы стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы Раушан Нұрмұханова.
Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының баяндамасын тыңдады.