Өскеменде бір тұрғын үй кешені ғана КЖК кепілдігімен үлескердің қаражатын пайдалануға рұқсат алған
Өскеменде бірнеше тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото:
pixabay.com
ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 8 тұрғын үй кешенінде үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазіргі таңда Өскеменде тек "Жаным" тұрғын үй кешені КЖК кепілдігімен қаражат тартуға рұқсат алған.
Үлескерлердің қаражатын заңсыз пайдаланған тұрғын үй кешендері:
- "Crystal"
- "VIVA PARK"
- "Park Line"
- "Renesans"
- "Tumar Towers"
- "Grand Residence"
- "Ray Residence"
- "Мұзтау".
Өскемен қаласының әкімдігі тұрғындарды пәтер сатып алмас бұрын құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарын тексеріп алуын сұрайды. Мұны "КЖК" АҚ тұрғын үй порталының сайтынан жасауға болады.