ШҚО-да екінші ауысымда оқитын мектептер қашықтан оқытуға көшіріледі
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 14-ші ақпан Глубокое ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты аудандағы екі мектептің 2-ші ауысымда оқитын сыныптары қашықтан оқытуға көшіріледі

Фото:
pixabay.com
Екінші ауысымда оқитын Винное орта мектебі мен Предгорное № 1 орта мектебінің 0- 9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мектептер Глубокое ауданындағы бұрқасын қар мен көк тайғақ болуына байланысты онлайн оқытуға көшті.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ШҚО Білім басқармасы Глубокое ауданы Қашықтан оқыту