ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен облыс орталығына шұғыл жеткізілді
Зайсан ауданынан Өскемен қаласына жүкті әйелге жедел медициналық көмек көрсету үшін тік ұшақпен жеткізілді

Жүкті әйел ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД хабарлауынша, операция ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлерімен жүргізілген.
Экипаж мен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілуде, - дейді ШҚО ТЖД.