Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -7°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -2°
$
506.43
-4.06
522.43
-4.86
¥
69.31
-0.57
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл қар қорының көрсеткіші жылдағынан көп

"Қазгидромет" филиалының ШҚО бойынша гидрология бөлімінің басшысы Іңкар Аскарованың айтуынша, облыстың жазық аймақтарында қар қоры орташа көпжылдық көрсеткіштен асып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл қар қорының көрсеткіші жылдағыдан көп
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Үлкен-Нарын, Өскемен (Жаңа-Ахмер), Ұлан, Глубокое және Марқакөл аудандарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылмен салыстырғанда жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, қар жамылғысының биіктігі 11-ден 136 см-ге дейін өзгеріп отырады. Таулы аймақтарда ең көп қар қоры Риддер, Алтай және Катон-Қарағай аудандарында жиналған. Бұл көрсеткіштер нормадан жоғары. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 12-ден 77 см-ге дейін жетеді.

Наурыз айында ауа температурасы қалыпты деңгейден 2°С жоғары болады, ал жауын-шашын мөлшері орташа деңгейден көп болады деп күтілуде. Алдын ала бағалау бойынша, ШҚО су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына кіреді. Дегенмен, гидрологиялық болжамдар күн сайын, апта сайын және он күн сайын нақтыланып отырады, - деді "Қазгидромет" филиалының ШҚО бойынша гидрология бөлімінің басшысы Іңкәр Асқарова.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазовтың мәлімдеуінше, 1 ақпаннан бастап өңірде облыс әкімінің шешімімен жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқыны жағдай күрделенетін болса 2511 адам, 935 техника, 46 қайық және 242 мотопомпа жұмылдырылады. Қала және аудан әкімдіктері 21 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 182 уақытша эвакуациялау пунктін әзірледі.
Следующая →