Қазақстандықтар баласына Абайдың есімін қойып, сыйақы ала алады
Ағымдағы жылы ұлы қазақ ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады

2025 жылғы 10 тамызда дүниеге келіп, Абай есімі берілген балаларға "ASSYLTAS" қоғамдық қоры 180 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.&
Биыл дана ойшыл бабамыз Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай, ASSYLTAS қоғамдық қоры биылғы жылды Абай жылы деп жариялап, ұлы философтың мұрасын сақтау мақсатында ерекше бастама көтерді. Ендеше 10-шы тамыз Абай Құнанбайұлының туған күні әулетіңізде ұл бала дүниеге келіп, есімін Абай деп қоятын болсаңыздар "ASSYLTAS" қоғамдық қоры 180 мың теңге сыйлық береді, - деп хабарлады меценат, "ASSYLTAS" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дулат Тастекей өзінің әлеуметтік парақшасында.