Ақпанның алғашқы бейсенбісі - Дүниежүзілік сайлау күні
Бұл дата 2005 жылы Будапештте сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы мен Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Қазақстан-Американ еркін университетінің және Өскемен экономика және техника колледжі студенттерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында комиссия мүшелері сайлау заңнамасы саласындағы конституциялық реформалар мәселелері, облыстың сайлау комиссияларының жұмысы туралы баяндамалар жасады.
Сондай-ақ жастар арасында викториналар өткізіліп, ең белсенді студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.