ШҚО-да өндіріске заманауи технологиялар енгізілуде
ШҚО әкімі Өскемендегі гидравликалық және пневматикалық құрал-жабдықтар шығаратын SP Jet компаниясының жұмысымен танысты

Отандық өнім шығаратын компанияда заманауи технологиялар белсенді түрде енгізіліп, шығарылатын өнімдердің түрі көбеюде. Оған қоса экспорт көлемі де артып келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аймақ басшысы технологиялық үдеріс пен өндірісті локализациялаудың жоғары деңгейін атап өтті.
Өнеркәсіп саласын дамыту аймақ үшін маңызды бағыттардың бірі. SP Jet сынды кәсіпорындарды қолдау жаңа жұмыс орындарын ашуға, инженерлік идеяларды дамытуға, ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірістің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Ермек Көшербаев.
Кәсіпорын резеңке, пластмасса, металл бұйымдарын, бөлшектер мен тораптарды дайындайды. Сондай-ақ мамандандырылған құрал-жабдықтарды құрастырады.
10 жылдан астам уақыт бойы біздің өнімдеріміз ШҚО ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылуда. Бұрын мұндай тауарларды шетелден мол қаржыға сатып алатын. Ал біз оларды тиімді бағада ұсынамыз, - дейді кәсіпорын директоры Александр Строкатов.