Өскемендік оқушылар пневматикалық винтовкадан оқ атып жарысты
Өскеменде "Жарқыл" әскери-патриоттық ойынының алғашқы кезеңі басталды

Турнир қаланың құрметті азаматы, интернационалист-жауынгер, подполковник Владимир Шаровты еске алуға арналған.
Владимир Иванович өз өмірін әскери қызметке арнап, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан тұлға. Ол өзінің кәсібилігімен, батылдығымен және адалдығымен ел есінде қалды. Оны еске алуға арналған бұл турнир жасөспірімдерді әскери дағдыларға баулумен қатар, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған,- дейді "Ауған соғысы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы подполколвник Олег Фролов.
Патриоттық сарындағы байқаудың ашылу салтанатында ауған соғысының ардагерлері, білім саласының мамандары, сондай-ақ Таулы Қарабақ қақтығысының және Ұлттық ұлан ардагері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі отставкадағы полковник Айдар Оразбаев қатысты. Ардагер оқушыларға сәт-сапар тілеп, жылы лебізін жолдады.
Сайыс барысында оқушылар пневматикалық мылтықтан ату, қаруды бұзып шашу, экстремальды жағдайларда алғашқы медициналық көмек беру сонымен қатар парашютті ашып, жинау бойынша сынға түсті.Құрметті оқушылар біз ауған соғысының, сонымен қатар тәжік-ауған соғысы ардагерлерін әрқашан құрметтеуіміз қажет. Өйткені, олардың өлшеусіз ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Менің ойымша, әскери-патриоттық ойындар оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырады, - дейді ардагер.
Сондай-ақ, турнир аясында №27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қару-жарақ көрмесін ұйымдастырды. Офицерлер оқушыларға түрлі атыс қаруларының үлгілерін көрсетіп, олардың тарихы мен техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.
Турнир қорытындысы бойынша қаруды шашып-жинаудан 1-орында №46 орта мектебінің, 2-орынды №19 орта мектебінің, 3-орынды №35 орта мектебінің оқушылары иеленді. Ал қарудан ату бойынша 1-орынды №19 орта мектеп, 2-орынды №17 мектеп, 3-орынды №3 орта мектеп оқушылары қанжығалады.