ШҚО-да жаңа туған нәресте облыстық ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
ШҚО-да ауа-райының қолайсыздығанан аудан аралық тас жолдардағы көлік қозғалысы шектелген

Алтай ауданында дүниеге келген нәресте шұғыл ҚР ТЖМ тікұшағымен облыстық "Ана мен бала" орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов санавиация дәрігерлері бригадасының көмегімен сәбиді Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл тасымалдауды жүзеге асырды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің арқасында бала мен оның анасы "Ана мен бала" орталығына аман-есен жеткізілді. Қазір нәресте мен анасы дәрігерлердің бақылауында.