Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +25°
$
510.84
579.7
¥
71.11
6.39
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда 2025 жылы қандай жолдар салынып, жөндеуден өтеді?

Биыл Қазақстанда жол құрылысы маусымында 13 мың шақырым жолда құрылыс пен жөндеу жұмыстары басталады

Новости Казахстана / Қазақстанда 2025 жылы  қандай жолдар салынып, жөндеуден өтеді?
Фото:
pixabay.com

Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұзындығы 2,2 мың шақырым жол құрылыс және қайта жаңарту, 6,6 мың шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жергілікті маңыздағы 4,2 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланды. Жалпы ұзындығы шамамен 1 мың шақырымды құрайтын құрылысы басталып кеткен "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда – Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" күре жолдарында жұмыс жалғаспақ. Сонымен қатар төрт жолақты "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Қарағанды – Жезқазған", "Атырау – Доссор" және "Сарыағаш қаласының айналма жолы" жобаларының құрылысын бастау көзделген. Олардың жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асады, - дейді ҚР Көлік министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, елімізде 10 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл оның 6,6 мың шақырымы қамтылады. Өткен жылы орташа жөндеу жұмыстары басталған "Жезқазған – Петропавл", "Қарағанды – Аягөз – Бұғаз", "Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз" сияқты ірі жобаларда биыл да жұмыстар жалғаспақ.

Биыл бұдан бөлек "Қарабұтақ – Рудный – Қостанай", "Атырау – Орал" және "Астана – Қорғалжын" автожолдарының учаскелерін қоса алғанда, ұзындығы 2,6 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары басталады, - дейді Көлік министрлігі.

Сонымен қатар, өңірлерде жергілікті маңызы бар жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырымды құрайтын жолдарды жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында "Атырау – Форт – Шевченко", "Түркістан – Шәуілдір", "Чапай – Сайқын" жолдары, сондай-ақ Семей қаласындағы көпірдің құрылысы бар.

Следующая →