Өскемен-Алтай бағытындағы автобус кімдерге тегін?
Кешегі күннен бастап "Өскемен-Алтай" тұрақты маршруты қайта ашылған болатын

Жол ақысы ересектерге 2700 теңге, балаларға және кейбіреулерге жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ақпараты бойынша, автобус Өскемен қаласынан (Мызы көшесіндегі автостанция) 13.30, 16.30-да шығады; Алтай қаласынан (М. Горкий көшесіндегі жолаушыға қызмет көрсету пункті) шығу уақыты сағат 06.30, 10.00-де шығады.
Жол жүру ақысы ересектер үшін 2700 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандар мен I топтағы мүгедектер үшін тегін, - деп хабарлады ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. - Жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтерін пайдалану кезінде күтпеген жағдайларды болдырмау үшін қызмет көрсетілетін маршруттарға тиісті рұқсаттары бар тасымалдаушылардың қызметтерін пайдалану ұсынылады.