Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
521.67
+4.76
592.46
+6.13
¥
71.42
+0.76
6.32
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да шағын қазандықтардың жұмысына жаңа технологиялар енгізіледі

ШҚО әкімі Ермек Көшербаева энергетика саласының ардагері Виктор Недовесовпен және С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Анатолий Чурсинмен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да  шағын қазандықтардың жұмысына жаңа технологиялар енгізіледі
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Кездесуде Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды, сондай-ақ атмосфералық ауадағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы және шығарындылар көлемін құру мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Талқыланған маңызды тақырыптың бірі шағын қазандықтардың жұмысына жаңа технологияларды енгізу. Атап айтқанда, отынды қайнаған қабатта жағу. Бұл тиімді химиялық реакция мен жылу өткізуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта жеке секторда блокты-модульдік қазандықтарды орнатып, халықты жылумен қамтамасыз ете аламыз. Бұл сапасыз отынның зиянды шығарындыларын азайтуға, жеке үйлерді жылумен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге оң ықпал етеді, - деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі алдағы уақытта қазандықтардың бірінде жаңа технологиялар сынақтан өткізілетінін айтты.

Виктор Недовесов пен Анатолий Чурсин облыстың экологиялық-географиялық атласын ұсынды. Облыс әкімі цифрландыру және архивтер басқармасына оны цифрлық форматқа көшіріп, тек облыс тұрғындарына ғана емес, экологиялық жағдайға қызығушылық танытқан кез келген адамға қолжетімді етуді тапсырды.

Следующая →