ШҚО полициясы қырызын төлемей қашып жүрген 40 адамды анықтады
Біреуден қарыз алып, оны бермей қашып жүрген борышкерлер баршылық

Мәселен, жақында ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері 2023 жылдың сәуір айынан бастап қарызын төлеуден жалтарып жүрген ер адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, облыс тұрғыны танысынан бизнесін дамыту үшін ақша алған, алайда оның кәсіпкерлік идеясы сәтсіз аяқталып, қарызы өтелмей қалған. Іздеу жарияланғаннан кейін көші-қон қызметі оның Ақтауда екенін анықтаған.
Енді қарызды өндірумен құзырлы органдар айналысатын болады.
Осы орайда атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерте кеткен жөн.
2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары қарызын төлеуден жалтарып, жасырынған 40-тан астам адамды іздеп тапқан, - деп мәлімдед ШҚО ПД.