Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +24°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бір ай ішінде қос азаматтығы бар 7 адам анықталған

Күні кеше халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген анасы мен қызының қос азаматтығы бары белгілі болды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да бір ай ішінде қос азаматтығы бар 7 адам анықталған
Фото:
Устинка LIVE

Олардың бірі айыппұл арқаласа, екіншісі елден шығарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Белгілі болғандай, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алып, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Бұл құқықбұзушылық екі ай өткеннен кейін анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде анықталған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Сот қаулысымен олар Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облысымызда қос азаматтығы бар 7 адам анықталған.

Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді. Аталған талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Следующая →