Өскеменде "Жеңіске 100 жыл қалғанда" акциясы басталды
"АДК River" сауда кешенінде Ұлттық ұланның әскери оркестрі әскери жылдардың әндерін орындады

29-шы қаңтардан бастап ҚР Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде "Ұлы Жеңіске 100 күн" акциясы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл шара Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
"Жеңіске 100 күн" акциясы аясында ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрі "Нам нужна одна победа", "Черноглазая казачка", "Смуглянка", "День Победы" және басқа да әскери жылдардың әндерін орындады. Көрермендер оркестрдің өнерін жылы қабылдап, таныс әндерді бірге шырқады.
Сонымен қатар, акция аясында ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, оларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мектептерде Ұлттық ұлан ардагерлерінің қатысуымен әскери-патриоттық іс-шаралар мен челлендждер өткізіледі.