ШҚО-да заң бұзған құрылыс компаниялары жауапқа тартылды
ШҚО-да құрылыс салушылардың заңсыз әрекеттерінен 200-ден астам азамат зардап шеккен

Бүгінде ШҚО-да 73 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Олардың ішінде 20 тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен салынса, 53 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңы үлескерлердің қаражатын тартуды қатаң реттейді. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, барлық құрылыс компаниялары бұл талаптарды орындамайды,- деді ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов.
Басқарма ақпаратына сүйенсек, заң бұзған құрылыс салушыларға қатысты бірнеше әкімшілік іс қозғалған. Тізімге кірген тұрғын үй кешендері: "Ray Residense", "Park Line", "Renesans 3", "Tumar Towers", "Viva Park", "Кристал", "Grand Residense" .
"Royal Finance Group" ЖШС және "Elit Stroy Group" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұлдар салынған. Негізгі заңбұзушылықтар үлескерлердің қаражатын заңсыз тартумен байланысты.