Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
512.34
+0.02
582.07
-0.85
¥
70.53
+0.08
6.31
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 23-ші шағын аудандағы жарық мәселесі қашан шешілмек?

Өскемендегі 23-ші шағын ауданның тұрғындары қала әкіміне аудандағы шешімін таппаған мәселелерді айтып, талап-тілектерін білдірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 23-ші шағын аудандағы жарық мәселесі қашан шешілмек?
Фото:
23-ші шағын аудан тұрғындарынан

Тұрғындарыдың айтуынша, бұл ауданда жарық мәселесі 20 жылдан бері шешімін таппай келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сонымен қатар, ауданда жол тазаланбайды, мектеп пен автобус жоқ.

Ауданда электр энергиясының тапшылығы артып отыр. Электр энергиясының бағасы да өсті. Халық саны жыл санап артып келеді, ал трансформаторлар оған лайықталмаған. Қыркүйек айында аудан тұрғындары жиналып, қалалық әкімдікке де барып, базынамызды айтқанбыз, - дейді шағын аудан тұрғындары.

Қала әкімі Алмат Ақышов халықпен кездесіп, ауданның бастамашыл тобын мәселені шешу үшін әкімдікке кездесуге шақырды. Ал осы ауданда тұратын халықпен жүздесу алдағы сенбіге жоспарланған.

Маған бұл мәселені шешуге мүкіндік беріңіздер. Жиналып әкімдікке келіңіздер. Жауапты барлық органдарды да шақырайық. Әркім өз пікірін айтсын. Зерделейік. Жауапты мекемелерден сұрайық. Жұмыс схемасын көрсетсін. Қанша уақыт керек екенін айтсын. Мен қолымнан келетін істі аяғына дейін жеткіземін, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Айта кетейік, өткен сенбіде 19, 20, 21-ші ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында да электр мәселесі өзекті екені айтылды. Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы шешілмеген бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.


Следующая →