Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
512.34
+0.02
582.07
-0.85
¥
70.53
+0.08
6.31
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да ақпан айынан бастап жылу энергиясының тарифі өседі

ШҚО-да 1-ші ақпаннан бастап жылу энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да ақпан айынан бастап жылу энергиясының тарифі өседі
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің хабарлауынша, тарифтер коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жылумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС мен "Шығыс Жылу" АҚ жалпы сомасы 4,2 миллиард теңге көлемінде қосымша инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат жылу желілерін, қазандық жабдықтарын, сондай-ақ Өскемен қаласындағы ЖЭО-ны күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады. Бұл жөндеу жұмыстары тозу көрсеткішін азайтуға және жүйенің сенімділігін арттыруға бағытталған,- деді Жұмагүл Мусипова.

Өскемен ЖЭО қаланың ең ірі жылу жеткізушісі 1948 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда станцияның жабдықтары 67,6%-ға тозған. Ал 1956 жылы іске қосылған Согра ЖЭО-ның 61,9%-ға тозған. "Шығыс Жылу" АҚ-ның да жағдайы қиын. Компанияға қарасты 8 қазандық пен 454,8 км жылу желілері 69,2% және 63,9% -ға тозған.

Инвестициялық бағдарламаның аясында 14 жылу желілерін мен Ново-Ахмирово ауылындағы №5 қазандықты жөндеу жоспарланған. Бұл жобалар жылу энергиясы мен көмір шығынын азайтады.

Нәтижесінде, жылу желілерінің ескіру деңгейін 1,5%-ға азайтып, көмір шығынын 841 тоннаға қысқартамыз, – деді "Шығыс Жылу" АҚ-ның техникалық директоры Асхат Бұқатов.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған. Бұл білікті мамандарды тарту мен оларды жұмыс орындарында ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Тарифтердің өсуі көмір мен дизель отынының қымбаттауына, сондай-ақ ЖЭО қызметтерінің құнының артуына байланысты. Бұл өзгерістер инфрақұрылымның ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған,- деп атап өтті "Өскемен ЖЭО" ЖШС техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов.


Следующая →