Өскемендегі полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп қалжыңдаған әйел ұсталды
"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен

Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалу кезінде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған. Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін азаматша жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ұсталған әйелге қатысты "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.