Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -17°
  • Шымкент
    +10°
$
502.89
+0.42
527.03
+1.20
¥
69.36
+0.10
5.71
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге әскери борышын өтеуге келген сарбаз сүйіктісіне сөз салды

Өскемен қаласындағы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөлімінде екі жүзге жуық сарбаздан әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге әскери борышын өтеуге келген сарбаз сүйіктісіне сөз салды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сарбаздар Абай, Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарынан және Астана қаласынан шақыртылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық ұлан сапына Алматы өңірінен шақыртылған Әлихан Балпық ант қабылдау рәсімінен кейін Өскемен қаласындағы сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінде сүйітісіне өмірлік жары болуға сөз салды.

Қатардағы жауынгердің сүйіктісі көпшілік алдында "иә" деп жауап беріп, сарбазды әскерден келгенше күтетінін айтты. Салтанатты іс-шараға қатысқан жас сарбаздар қаруластарына қолдау танытса, ғашықтардың ерекше сәтіне куә болған қала тұрғындары жылы лебіздерін білдірді.

Мен бұл сәтті көптен күттім. Орайы қашан келеді екен деп уайымдайтынмын. Өйткені әскерге дейін сөз салудың ретін келтіре алмадым. Ғашығымның мен үшін Өскеменге келе жатқандығын естігенде сөз саламын деп шештім. Маған кеңес беріп, қолдау танытқан қаруластарыма алғысым шексіз, - дейді қатардағы жауынгер Әлихан Балпық.

Айта кетейік, әскери бөлімде Отан алдындағы борышын атқаратын жас сарбаздар бір жыл көлемінде Өскемен мен Шемонаиха қалаларындағы түзеу мекемелерін күзететін жауынгерлік қызметті атқаратын болады.

Следующая →