Өскемен
ясно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    -5°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +7°
$
502.47
+2.71
525.83
+4.13
¥
69.26
+0.41
5.68
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әдеби көрме ашылды

Өскеменде облыстық кітапханада "Ұлы даланың Ұлы тұлғалары" атты интерактивті әдеби көрме ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әдеби көрме ашылды
Фото:
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханадан

Облыс тарихындағы маңызды оқиғалар мен өңіріміздің дамуына айрықша үлес қосқан танымал тұлғаларды паш ететін мерейтойлық көрме бірнеше бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көрменің мемлекет қайраткерлеріне арналған "Ұлт перзенті" бөлімінде ақын, жазушы, "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатұлы; ғалым, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлиханов; Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы; Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық мұғалімі, Марқакөл ауданының тумасы Құмаш Нұрғалиев; Кеңес Одағының батыры, Ұлан ауданының тумасы Төлеген Тоқтаров; металлург, Социалистік Еңбек ері ШҚО Құрметті азаматы Хайролла Бақтыбаев сынды тұлғалардың өмірі мен қызметіне байланысты көптеген деректер, баспа, бейнемазмұн және фотоқұжаттар ұсынылған.

Сондай-ақ, "Өмір жырын шерте білген" бөлімінде қазақ халқының әдеби мұрасына сүбелі үлес қосқан қарымды қаламгерлер, жерлес ақын-жазушылар туралы мазмұнды да қызықты ақпарат жинақталған. Халық жүрегінен мәңгі орын алған сазгерлер талантты тұлғалар жайлы көрменің "Өнермен өрілген өмір" бөлімі бар. Тағдыры шығыс өлкесімен тығыз байланысты ағартушылар жайлы "Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар" бөлімі сыр шертеді.

Следующая →