ШҚО-ның бірнеше аудан мектептері мен Өскемен қаласының мектептері сабақты қашықтан оқиды
Облыста бүгін сыртқы ауа температурасы -25-33 дейін суық

Фото:
pixabay.com
ШҚО Білім басқармасының хабарлауынша, 24 қаңтарда ШҚО-да ауа температурасы -25-33 градусқа дейін төмендеп, екпіні 15-20 м/с-тан жоғары жел соғуына байланысты бірнеше аудан мектептерінің бірінші және екінші ауысымда оқитын 0-11-сыныпқтары қашықтықтан оқытуға көшеді.
Қашықтықтан оқытуға төмендегі мектептер көшеді:
- 0-ден 11-сыныпқа дейін Өскемен қаласы, Шемонаиха ауданы (Выдрихинск орта мектебі, Пруггеров орта мектебі), Самара ауданы (Мариногорск орта мектебі);
- 0-ден 9-сыныпқа дейін Күршім ауданы (Алғабас орта мектебі, Барақ-батыр орта мектебі, Бірлік орта мектебі, Сарыөлең орта мектебі), Зайсан ауданы (Жаңатұрмыс орта мектебі), Глубокое ауданы (Белоусов орта мектебі), Тарбағатай ауданы (Б. Момышұлы атындағы. орта мектебі мен, Б.Т.Тоқтарова атындағы орта мектебі), Самара ауданы (И.Яроцкий атындағы орта мектебі), Ұлан ауданы (Қ.Қайсенов атындағы орта мектеп, Құдагелдинов атындағы орта мектеп, Азовое орта мектебі);
- 0-ден 4-ші сыныпқа дейін Күршім ауданы (Күршім ауылы, Құйған орта мектебі, Ақсуат орта мектебі, Теректібұлақ орта мектебі, Жолнұсқау орта мектебі, Қайыңды орта мектебі, Қойтас орта мектебі), Шемонаиха ауданында (Қамысты орта мектебі, Октябрь орта мектебі, Убинский орта мектебі, Большереченская орта мектебі), Глубокое ауданы (А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп, Предгорненская орта мектебі, Секисов орта мектебі, Тархан орта мектебі), Тарбағатай ауданы (Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп, Абай орта мектебі), Самар ауданы (Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектебі, Жаңажол бастауыш мектебі, Самар орта мектебі, Жамбыл атындағы орта мектеп, Пантелеймонов орта мектебі, Аққала орта мектебі, Амангелді орта мектебі).