Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +24°
$
511.92
588.91
¥
71.27
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО дәрігерлері түрік азаматының өмірін арашалап қалды

2024 жылдың желтоқсан айында "Өскемен-Риддер" тас жолының 34-ші шақырымында ер адам жол-көлік апатына ұшыраған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО дәрігерлері түрік азаматының өмірін арашалап қалды
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Түрік азаматы көлігінен ақау шығып, Секисовка ауылының маңында тоқтаған. Жүргізуші қозғалтқышты жөндеп жатқан кезде ауыр жүк көлігі қағып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Апат салдарынан ол аяғынан ауыр жарақат алып, Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілген.

Науқастың төменгі сол жақ аяғы жарақаттанған, оң аяғы да қатты зақымдалған. Жағдайы өте ауыр, қан көп кеткен, ер адам жансақтау бөлімінде жатты. Операция кезінде біз сол аяққа діңгек қалыптастырдық, сонымен қатар оң аяққа барлық қажетті манипуляцияларды жасадық.Тілдік кедергіге байланысты қиындықтар болды. Түрік азаматы ағылшын тілін нашар меңгерген. Біз Google Translate қосымшасы арқылы тілдестік,- дейді Шемонаиха аудандық ауруханасының хирург дәрігері Ербол Тюленев.

Шемонаиха аудандық ауруханасының дәрігерлері Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, түрік әріптестеріне ілеспе құжаттарды дайындауға мәжбүр болған.

Бір аптадан кейін Түркия елі өз азаматы үшін санитарлық авиацияны жіберіп, ер адамды үйіне жеткізді. Түрік азаматы өмірін сақтап қалған шығысқазақстандық хирургтар мен реаниматолог дәрігерлерге шын жүректен алғыс білдірді.


Следующая →