Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
538.63
+0.86
622.23
-0.72
¥
75.43
+0.03
6.71
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауданында су тасқына қарсы жұмыстар пысықталды

Самар ауданында аудан әкімі Серік Жеңісұлының қатысуымен көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жиын өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Самар ауданында су тасқына қарсы жұмыстар пысықталды
Фото:
Самар ауданының әкімдігінен

Жауапты бөлім басшылары ауылдардағы су қоймаларының жағдайлары туралы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиынға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, округ әкімдері және әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты.

Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын басты назарда ұстауымыз керек. Әр әкім өз ауылдық округіне қарасты су қоймалары мен су өткізгіш көздерді қардан тазартып, бақылауды күшейтеді. Сонымен қатар, әкімдер және бөлім басшылары жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауладағы қарды, арықтарды күреп отыруы қажет екендігін жеткізуі керек, - деді аудан әкімі Серік Жеңісұлы.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, биыл ауданда жауған қардың қалыңдығы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қалың түскен. Бірақ, топырақтың қату қабаты өткен жылға қарағанда әлдеқайда жұқа. Яғни, 14 см ғана. Былтыр бұл көрсеткіш 75 см болыпты.

Аудан әкімі Самар ауылының жоғары жағында орналасқан "Лайлы" су қоймасының жағдайы жіті бақылауда екенін айтты. Айта кетейік, өткен жылдың күз айында ауылдың тура ортасынан ағып жатқан «Лайлы» өзенінің арнасы кеңейтілген болатын. Бұл жұмыс ауыл ішіне қызыл су қаптап кетпеуіне үлкен септігін тигізіп отыр.

Следующая →