ШҚО-ның бірнеше аудан мектептері мен Өскемен қаласының мектептері сабақты қашықтан оқиды
ШҚО бүгін бұрқасын соғып, көктайғақ болады

ШҚО Білім басқармасының хабарлауынша, 22 қаңтарда Өскемен қаласында көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып сабақтары қашықтықтан оқытығу көшіріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха ауданында көктайғақ, екпіні 20 м/с жел соғады. Қолайсыз ауа райына байланысты 0-11 сыныпқа дейінгі барлық бірінші ауысымдағы мектептер онлайн оқиды.
Күршім ауданында ауа температурасының -1 градустан -10 градусқа дейін төмендеуіне, қатты жел мен бұрқасын соғуына байланысты мына мектептердегі 1-2-ші ауысымдағы сыныптар қашықтықтан оқытылады:
- Қаратоғай орта мектебі (0-4 сыныптар);
- Алғабас орта мектебі (0-4 сыныптар);
- Жолнұсқау орта мектебі (0-11 сыныптар);
- Қойтас орта мектебі (0-11 сыныптар);
- Маралды орта мектебі (0-11 сыныптар);
- Қыстау Күршім орта мектебі (0-11 сыныптар).