Өскемен
ясно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    -6°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -15°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
499.76
-3.85
521.7
-3.26
¥
68.85
-0.27
5.63
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап мектептер мен колледждерде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп "111" байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді

Новости Казахстана / Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен

Бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Енді "111" нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады. Олар барлық білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында орналастырылады.

Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова

ҚР Оқу-ағарту министлігінің хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша "111" байланыс орталығына балалардан 1000-ға жуық өтініш келіп түсті. Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы қабылдаған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң аясында "111" байланыс орталығының қызметі бекітілген болатын.


Следующая →