ШҚО-да қар көшкінін жоспарлы түсіру жалғасуда
ШҚО-да кеше "Өскемен-Горная Үлбі - Северное" автожолында қар көшкінін жоспарлы түсіру жүргізілді
![Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қар көшкінін жоспарлы түсіру жалғасуда Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қар көшкінін жоспарлы түсіру жалғасуда](/upload/iblock/e99/tjzz6u1p2tlg1buybwyyw8vmfmqq9d7d/imgonline_com_ua_Resize_FIfNaXzSu7.jpg)
Жұмыстың нәтижесінде 3150 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
.Болжамды қар қоры және жауын-шашын мөлшері туралы мәліметтер бойынша жасалады. Қар көшкінінің негізгі хабаршысы ауа-райы мен қар жамылғысының жағдайы болып табылады. Тексеру жүргізілгеннен кейін "Қазселденқорғау" мамандары қар көшкінін профилактикалық түсіру қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. ШҚО ТЖД қызметкерлері жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,- дейді Қазселденқорғау " ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.