Өскеменде мас ер адам дүкен тонаған
ШҚО сақшылары облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған
Күдікті бетпердемен бетін жасырып, ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген. Ол жерден ер адам тиын салынған қорапша мен ақша ұрлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға түнгі уақытта орын алған. Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген. Осыған дейін ол дүкенге бірнеше рет су жеткізген.
Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлері ұрланған ақшаның бір бөлігін өндіріп алды. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, -дейді ШҚО Полиция департаменті.