Сенбі күні православтар үшін қасиетті суға шомылу рәсімі өтеді
“Крещение Господне” діни мейрамы дәстүр бойынша қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні басталады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Сенбі күні православтар үшін қасиетті суға шомылу рәсімі өтеді Усть-Каменогорск и ВКО / Сенбі күні православтар үшін қасиетті суға шомылу рәсімі өтеді](/upload/iblock/bef/03tz8983gpn0asbxqyfyeinqbt26hh4p/imgonline_com_ua_Resize_97ZIA7hYaJQdguZ.jpg)
Фото:
pexels.com
Наным-сенімдерге сүйенсек, бұл күні су ерекше қасиетке ие болып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға септеседі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД осы күні салт бойынша суға жаппай шомылу мен құйыну кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
- Шомылу рәсімін тек арнайы жабдықталған, құтқарушылар, жедел көмек дәрігерлері кезекшілік ететін орында жүргізу керек;
- Шомылар алдында денені уқалап, қыздырыну жасау қажет;
- Суға ыңғайлы, тайғанақ емес және тез шешілетін аяқ-киіммен келу керек;
- Мидағы қан тамырларының тарылуын болдырмас үшін, ең бастысы басты суламай, мойынға дейін шомылу керек;
- Ішімдік ішпеңіз;
- Балаларды тек ата-аталарымен шомылдыруға рұқсат етіледі;
- Шомылған соң өзіңізді сүлгімен ысқылаңыз, ыстық шәй ішіңіз;
- Созылмалы аурулары бар адамдарға шомылуға рұқсат етілмейді;.
Төтенше жағдай кезінде "112" номеріне хабарласыңыз.