Күршім ауданында жаңа мектеп салынып жатыр
Күршім ауданы Бірлік ауылында 1968 жылы салынған қазіргі бейінді мектеп шатырының майысуы оқушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген
Мектеп апаттық жағдайдағы нысан ретінде танылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Осыған байланысты 2024 жылдың шілде айынан бастап жаңа 50 орындық мектептің құрылысы басталған. Жаңа мектептің негізгі ерекшеліктері жеке спорт зал мен шағын орталықтың болуы.
Шағын орталықтың ашылуы мектеп жасына дейінгі балалардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Өйткені қазіргі таңда ата-аналар балаларын басқа ауылдарға апаруға мәжбүр болып отыр. Бұл жаңадан салынып жатқан мектеп заманауи талаптарға сай келетін білім беру және тәрбиелеу орталығы болады деп күтілуде. Мердігер компания “Шығыс СМУ” ЖШС, -дейді Күршім ауданының әкімдігі.