ШҚО Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды
Ернұр Бурахан – тәжірибелі маман, журналистік қызметтен медиа менеджер деңгейіне дейін көтерілген. Төрт жоғары білімі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әр жылдары ол ШҚО әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
"Aqtobe" аймақтық телекомпаниясының бас директоры және "Qazaq radiolary" ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.