ШҚО тұрғыны 64 жасында алғаш рет құжат алды
ШҚО Алтай ауданының тұрғыны 64 жасында алғаш рет ресми құжатқа ие болды
Аудан тұрғыны құжатты полицияның көші-қон қызметі қызметкерлерінің көмегімен алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аудан тұрғыны көптеген жылдар бойы жаңа құжаттарға аса қажеттілікті сезінбеген. Қаржының жетіспеушілігі мен мемлекеттік айыппұлдан қорқып құжатты осы уақытқа дейін рәсімдемеген. Алайда тұрақты жұмысқа орналасу үшін жеке басын растайтын құжаттың қажеттілігі туындаған. 1978 жылдан бері ескі үлгідегі төлқұжатты пайдаланып келген ер адам қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек сұрап, көші-қон қызметіне жүгінген
Құжаттар толығымен ресімделгеннен кейін көші-қон қызметі азаматқа ҚР азаматтығын растайтын анықтама берген. Енді ол осы құжатпен ХҚО-на жүгініп, жеке куәлігін ала алады.Полиция қызметкерлер толықтай қолдау көрсетті. Туу туралы куәліктің және орта мектепті бітіргендігі туралы анықтаманың көшірмесін және қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, – деп атап өтті Алтай ауданының тұрғыны Владимир.
Полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген ер адам жаңа жеке куәлікпен тұрақты жұмыс табатынына сенімді.