Өскеменде Согра ықшамауданында мешіт ашылады
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Согра ықшамауданының тұрғындарымен кездесті
Тұрғындар негізгі мәселелердің бірі жарықтың жиі өшуі, жол мәселесі туралы сұрақ қойып, ескірген электр желілері мен бағаналарды ауыстыру қажеттігін айтты, деп Устинка LIVE тілшісі.
Согра ықшамауданының тұрғындарымен кездестім. Көтерілген мәселелер Городская көшесіндегі сыртқы жарықтандыру жүйесін жөндеу . Бобровская, 4 көшесіндегі аула аумағын абаттандыру. Вешний тұйық көшесін жөндеу, орташа және қиыршық таспен жабу. Тұрғындар парктегі тренажерлер, футбол алаңының қоршауы, орындықтар орнату және көгалдандыру жұмыстарын сұрады. Жекеменшік сектордың кейбір көшелерін орталық жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Теміржол өткеліндегі өткел баспалдақтарын қалпына келтіру және маңындағы шөптер мен бұталарды тазалау мәселелері КТЖ-мен бірлесіп шешілетін болады. Көктемде қар еріген соң нақты шешімдер қабылданады. Тұрғындардың барлық өтініштері бақылауда. Қаладағы басқа аудандарда да осындай кездесулер жалғасады, - дейді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Сондай-ақ ықшамаудандағы "Провинция" дәмханасы мешітке лайықталып, жөнделек. Халифа Алтай мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлының айтуынша, жергілікті ауданның тұрғындары мен кәсіпкер азаматтар келісіп, дәмхана сатып алынған.