Өскемен
малооблачно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    -2°
$
526.81
542.72
¥
71.85
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары жеті жылға сотталды

Рауан Тұраров ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартпай, АӨФ қызметін тексеру нәтижесі бойынша оң шешім шығару үшін пара алған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары жеті жылға сотталды
Фото:
pixabay.com

Өскемен қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлауынша, бұрынғы шенеунікке аса ірі көлемде пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Рауан Тұраров алтын өндіретін фабрика жұмысын тексерген комиссияға жетекшілік еткен. Кәсіпорын басшылығы құрылыс бойынша жоба талаптарын орындамаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай фабрика жабылған. Осыған байланысты шенеунік пен кәсіпорынға иелік ететін ЖШС директоры арасында ресми емес келіссөздер басталған.

ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тартпау, АӨФ қызметін тексеру нәтижесі бойынша оң шешім шығару үшін 2023 жылдың мамыр айында ЖШС директорынан 30 000 АҚШ доллары (13 326 600 тенгеге) сомасында пара алды, – деп хабарлады ШҚО соты баспасөз қызметі.

Сот куәгерлерді тыңдап, күдіктіден 6 970 000 қаражат тәркіленді.

Өскемен қаласының №2 соты шенеунікке өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Аса ауыр жемқорлық қылмысы бойынша сотталған ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары колонияда жеті жыл жазасын өтейді.

Айта кетейік мұның алдында департамент басшысы Данияр Әлиевке төрт жылға түрме жазасы кесілген болатын


Следующая →