Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -9°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -19°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
527.23
-0.07
544.05
-0.81
¥
71.91
-0.04
5.05
+0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 36 медициналық нысан пайдалануға берілді

ШҚО-да "Ауылдық денсаулықты жаңғырту" ұлттық жоба аясында жалпы құны 8 млрд теңгені құрайтын, ауылдық жерлердің 25 мың тұрғынын қамтитын 36 медициналық нысан салынды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да  36 медициналық нысан  пайлануға берілді
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Саят Тойкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткен жылы «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жоба аясында жоспарланған 18 нысан бойынша 17 медициналық мекеменің құрылысы аяқталды. Алтай ауданында 3 мекеме, Тарбағатай ауданында 3, Зайсан ауданында 3, Глубокое ауданында 5, Ұлан ауданында 1, Катон-Қарағай ауданында 1, Үлкен-Нарын ауданында 1 медициналық мекеме пайдалануға берілген. Ал Шемонаиха ауданы Волчанка ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория құрылысы осы жылы аяқталатын болады.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде "Алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, шұғыл медициналық көмек уақтылы көрсетілетін болады. Сондай-ақ, жаңадан салынған нысандар шекара маңы аймағында орналасқан аудандарды қамтиды. Бұл өз кезегінде ауылдық инфрақұрылымды жақсартуға тағы бір қадам болып табылады, - деді Саят Тойкенов.


Следующая →