ШҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
ШҚО ТЖД хабарлдауынша аймақта ағымдағы жылдың су тасқынының алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізілуде
Жазғы-күзгі кезеңде қалалар мен аудандардың су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша 33 іс-шара, инженерлік жұмыстар бойынша 55 іс-шара толық көлемде орындалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстық автомобиль жолдарында алдын алу жұмыстары жүргізіліп, кей учаскілер қалпына келтірілген.
Жағалауды нығайту бойынша жүргізілген жұмыстардың көлемі 64 км құрады. 19 км өзендердің арнасы тазартылды. Сондай-ақ, 58 км арықтар мен канал салу, 3 көпірді жөндеу, 45 су өткізгіш құбырларды (құрылыстарды) ауыстыру, 283 км арықтар мен каналдарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, - дейді ШҚО Төтенше жағдай департаменті.
Сондай-ақ, таулы өзендерге екі рет әуеден барлау жүргізілген.;
Су тасқынына қарсы жүргізілетін жұмыстар бойынша облыстың цифрлық картасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Әкімдіктерде мөшек қаптар, инертті және жанар-жағармай материалдарының резерві құрылуда. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 83 мың текше метрден астам қар шығарылды. Облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.