ШҚО экология департаментінің басшысы сотталды
Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевке, жергілікті тұрғын Мақсат Журкабаевқа және кәсіпкер Константин Длюжевскийге қатысты үкім шығарды
Сот үкімімен Данияр Әлиев 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Данияр Әлиев пара алғаны үшін, Мақсат Жұрқабаев делдалдығы, ал Константин Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды
Сот үкімімен Даняир Әлиев 4 жылға, Мақсат Жұрқабаев 1 жыл 6 айға, кәсіпкер Константин Длужевский 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар,олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.