Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды
Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, биылға арналған жоспарларын талқылады
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин қатысып,"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің офицерлеріне мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, "Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі". Сондықтан біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап,130ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту, - деді полковник Еркебұлан Хамидуллин.
Сонымен қатар, саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтар өтті.