ШҚО-да бақташы ірі көлемде мал ұрлаған
ШҚО-да ірі көлемде жасалған мал ұрлаған 50 жастағы бақташы ұсталды
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, ол өзі жұмыс істеген жергілікті шаруаның 17 бас жылқысын ұрлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция департаментінің хабарлауынша бақташы ұрланған малдарды басқа қораға айдап, өз мақсатында пайдаланған. Ол жылқыларды 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып, түскен қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Бақташының келтірген жалпы шығын мөлшері 5 миллион теңгеден асқан.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарды. Тергеу шаралары жалғасуда. Қалған малдарды табу бойынша іздеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді ШҚО Полиция департаменті.