Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша 1-ші қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ұлғайтылды
2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 32 360 теңгені құраса, оның ең жоғары мөлшері 50 851 теңгені құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңгені құрады. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды, - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1-ші қаңтардан бастап мемлекеттік мына жәрдемақылар өскен:
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер мөлшері 6,5 %-ға артқан. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және келесілерге байланысты болады: