Өскеменде шаңғы жарысы өтеді
Шаңғы спортын мен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында облыс орталығында жаңа жылдық жарыс жыл сайын өткізіледі
Жарыстың ұйымдастырушысы Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі.
Жаңа жылдық жарысқа ерлер мен әйелдер қатар жасөспірімдер мен балалар қатыса алады. Шаңғыңызды өзіңізбен бірге әкелген жөн. Егер жоқ болған жағдайда жарысты ұйымдастырушылары шаңғы тауып беруге тырысады.
Айта кетейік, өткен жылы қардың болмауына байланысты шаңғы жарысы өткен жоқ.
Ерлер тобы:
- 1-топ -60 және одан жоғары - 3 км;
- 2-топ – 36-60 жас – 3 км;
- 3-топ – 18-36 жас – 5 км;
- 4-топ – 16-17 жас – 5 км;
- 5-топ – 14-15 жас – 3 км;
- 6-топ – 11-13 жас – 2 км;
- 7-топ - 10-7 жас -1 км;
- 8-топ: бастауыш топ – 500 метр.
Әйелдер тобы:
- 1-топ – 60 және одан жоғары – 1 км;
- 2-топ – 36-60 жас – 2 км;
- 3-топ – 18-36 жас – 3 км;
- 4-топ -16-17 жас - 3 км;
- 5-топ – 14-15 жас – 3 км;
- 6-топ – 11-13 жас – 2 км;
- 7-топ - 10-7 жас -1 км;
- 8-топ бастауыш топ – 500 метр.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Өскемен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталатын болады.