ШҚО-да ҚР Президенті атынан Жаңа жыл шырша өтеді
Жыл сайын ШҚО-да жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті мен облыс әкімі атынан балаларға мереке ұйымдастырылып, сыйлықтар беріледі
24 желтоқсанда сағат 12.00-де "Жекпе-Жек" сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан "Қош келдің, Жаңа жыл!" шыршасы, сондай-ақ сағат 14.00-де білім алу қажеттіліктері шектеулі балаларға арналған, ал сағат 16-00-де ШҚО әкімінің шыршасы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жетістікке жеткен облыстың 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 бала қатысады.
Шыршаның жас қатысушылары үшін балалардың жаңа жылдық ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхаты ұйымдастырылады. Онда балалар әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездеседі. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршалардың қатысушылары 150 000 теңге сомасында ақшалай сертификат, жұмсақ ойыншық және тәтті сыйлық алады. Сонымен қатар, балаларға арналған мәдени ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылады. ШҚО драма және оперетта театрында "Алтын балапан" жаңажылдық спектакілін тегін көре алады, - деп хабарлайды ШҚО әкімдігі.